
Спорт – адамның денсаулығын нығайтатын ең маңызды құралдардың бірі. Тұрақты түрде спортпен шұғылдану адамды сергек, шымыр әрі төзімді етеді. Дене жаттығулары жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, иммунитетті күшейтеді. Сонымен қатар спорт адамға тәртіптілік пен жауапкершілікке үйретеді. Сондықтан әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып, спортты күнделікті әдетке айналдыруы тиіс. Ауыл жастары Мәдениет үйінде орналасқан спорт залда спортпен шұғылданады. Спорттық құрал жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.