
Қарашыған ауылдық округінің әкімдігінде әкімшілік қызметкерлері және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысуымен «Заң мен тәртіп - қоғам айнасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға, заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіруге арналған іс-шара. Кездесу барысында қатысушылар заңның қоғамдағы рөлі, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың азаматтық жауапкершілігі және тәртіп сақтау мәселелерін талқылайды. Іс-шараның басты мақсаты - заңға бағынатын, саналы қоғам қалыптастыруға үндеу.