
9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпақтары ұмытпайды мәңгілік» атты мерекелік көпшілік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Ұлы Жеңіс монументіне гүл шоқтары қойылып, соғыс жылдарында қаза тапқан боздақтарды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, тағылымды сөз сөйленді. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, Отан үшін от кешкен батырлардың ерлігі дәріптелді. Жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру мақсатындағы шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды, Ұлы Жеңіс ұрпақ жадында мәңгі сақталады!