
7 мамыр - Отан Қорғаушылар күніне орай Қарашыған ауылдық округіне қарасты М.Төлебаев ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің аумағына Сарқан ауданының Құрметті азаматы Арғынғазы Сыздықов демеушілік жасап, 10 түп қарағай көшетін сыйға тартып, отырғызу жұмыстарына қолдау көрсетті. Бұл игі іс - туған жерді көркейтуге, ауылдың ажарын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға қосылған зор үлес. Осындай сауапты бастаманың ұйытқысы болған Арғынғазы Сыздықовқа ауыл тұрғындары атынан зор алғыс білдіреміз.