
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде «Бір шаңырақ астында» атты мәдени-көпшілік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында түрлі этнос өкілдерінің өнері насихатталып, ән мен би көрініс тапты.
Кештің басты мақсаты - ел бірлігін нығайту, татулық пен достықты дәріптеу.
Берекелі бірлік пен жарасымды тірлікті ту еткен бұл кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.