"Бір ел - бір кітап" атты таза ауада балалармен кітап оқу акциясы

"Бір ел - бір кітап" атты таза ауада балалармен кітап оқу акциясы

"Бір ел - бір кітап" атты таза ауада балалармен кітап оқу акциясы
"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен балаларға арналған кітап оқу шарасы таза ауада өткізілді.
Шараның басты мақсаты - жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейту. Акция барысында балалар ашық аспан астында жиналып, өздеріне ұнаған кітаптарды оқып, мазмұнымен бөлісті. Сонымен қатар, қызықты сұрақ-жауап, пікір алмасу сәттері ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Бұл игі шара балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етті.
Кітап - білім бұлағы, рухани қазына.