
Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі «Ұлттық киім күні» аясында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға арналған тағылымды іс-шара өтті. Қазақтың дәстүрлі киімдері - халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Іс-шараның мақсаты - ұлттық киімнің маңызын кеңінен насихаттау, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу және ұлттық болмысымызды жаңғырту. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, төл мәдениетімізге деген құрметті арттыру көзделді.
Шара барысында қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеп, ерекше сән мен рухани үйлесімділікті көрсете білді. Бұл - тек киім емес, бұл - ұлттың жаны, тарихы мен тағдыры.