
М.Төлебаевтың туған күніне орай 6 «А» сынып оқушыларымен танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қазақтың көрнекті композиторы, өнер қайраткері Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Оқушылар композитордың қазақ музыка өнеріне қосқан үлесімен танысып, оның әндері мен шығармалары жайлы қызықты деректер айтты.
Танымдық сағаттың мақсаты - жас ұрпаққа ұлттық өнерді дәріптеп, қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыру болды.
Қорытындылай келе оқушылар қазақ музыкасының құдіретін тереңірек түсініп, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді. Мұқан Төлебаевтың шығармашылығы - жас ұрпаққа рухани азық беретін асыл мұра. Осындай тағылымды шаралар арқылы балалардың өнерге деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.