
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт
+Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана - өмір шуағы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік кеште аналар мен аруларға арналған жүрекке жылы әндер шырқалып, көркем билер мен әсерлі шығармалар ұсынылды. Ақ жаулықты әжелер мен аяулы аналарға құрмет көрсетіліп, мерекелік лебіздер айтылды.
Ана - мейірімнің, жылулық пен шексіз махаббаттың символы. Осындай игі шара арқылы аналарға деген құрмет пен алғыс тағы бір мәрте білдірілді.
Барша аналар мен аруларды көктемнің ең әдемі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!