
2026жылдың 22 қаңтар күні Қарашыған ауылдық округі әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде апта сайын мониторинг жүргізілуде. Мониторинг барысында ауыл аумағындағы 3 дүкенде 31 әлеуметтік маңызы бар тауар түріне талдау жасалып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-нқ бұйрығы таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шаралар тұрғындарды қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.