
Кездесу барысында ауыл тұрғындары электр жарығына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізді. Өз кезегінде сала мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жөндеу және жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.
Мұндай кездесулер тұрғындар мен жауапты мекемелер арасындағы ашық байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді.