Қарабөгет ауылдық округінде кәсіпкерлермен кездесу өтті

Қарабөгет ауылдық округінде кәсіпкерлермен кездесу өтті

Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Дюсембаев Алмас Ермекұлы округ аумағындағы сауда нысандарының иелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, сауда мәдениетін арттыру, санитарлық талаптарды сақтау және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, туындаған мәселелер бойынша өзара пікір алмасу жүргізілді. Округ әкімі кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға, халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға шақырды.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатын болады.