Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым ретінде ескерткіш маңында тазалық жұмыстары жүргізілді

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым ретінде ескерткіш маңында тазалық жұмыстары жүргізілді

 Қарабөгет ауылдық округінде 7–9 мамыр мерекелеріне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым ретінде ескерткіш маңында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында аумақ тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Бұл – өткенге құрмет, батырлардың ерлігін ұмытпау және келер ұрпаққа үлгі боларлық игі іс.

Бейбіт өмір сыйлаған ерлердің рухына тағзым етіп, тарихымызды қастерлеу – әрқайсымыздың парызымыз.