
Бүгін 18.03.2026 жыл Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Дюсембаев Алмас Ермекұлының жеке қабылдауына қоғамдық жұмыс сұраған азаматтар кірді. Қабылдау барысында тұрғындар өз мәселелерін ашық айтып, жұмысқа орналасу бойынша өтініштерін жеткізді.
Әкім әрбір азаматтың жағдайын мұқият тыңдап, қоғамдық жұмыстарға тарту тәртібі мен мүмкіндіктерін түсіндірді 🤝
Сонымен қатар, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында заң аясында қолдау көрсетілетіні айтылды. Қабылдау қорытындысы бойынша бірқатар азаматтарға бағыт-бағдар беріліп, мәселелері бақылауға алынды✔️