Экстремизм сөзі «шеттеу», яғни «орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету» деген мағынаны береді. Бұл ұғым қоғам ішіндегі жеке тұлғаның немесе топтардың жалпы тәртіпті мойындамауы, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасауы сипатында көрініс табады. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі – радикализм. Ал терроризм – сол экстремизмнің барар нәтижесі.