
Бейбітшілік пен татулық – ел бірлігінің, қоғам тұрақтылығының негізі. Бейбітшілік бар жерде даму бар, береке бар. Ал татулық – адамдар арасындағы сыйластық пен түсіністіктің көрінісі.
Тату елдің тірлігі берекелі, болашағы жарқын болады. Ұлт пен ұлыс өкілдері бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсат жолында еңбек еткенде ғана мемлекетіміз нығая түседі.
Бейбітшілік – ең қымбат қазына. Оны сақтау – әр азаматтың парызы. Бірлік пен татулықты ту еткен елдің еңсесі әрқашан биік болмақ.