
Цифрландыру үдерісі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологияларын енгізу өндіріс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік салаларында тиімділікті арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Аталған бастама аясында мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру, деректерді тиімді пайдалану, электронды қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту жоспарлануда. Бұл өз кезегінде ашықтықты қамтамасыз етіп, халық пен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық экономиканы қалыптастыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.