
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ақжелкен» би үйірмесінің қыздары арасында «Ұлттар достығы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлері және достық пен татулықтың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Қыздар ұлттық бірлік пен ынтымақтың қадірі жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Танымдық сағаттың мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, халықтар арасындағы достықты нығайту және бірлікке тәрбиелеу.