«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – дөңгелек үстел өтті

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – дөңгелек үстел өтті

Бақалы ауылы әкімшілігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда оған қарсы мүлдем төзбеушілік қалыптастыру мақсатында ауылдық мәдениет үйі мен әкімшілік ұжымы арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және әр азаматтың адалдық қағидаларын ұстануының маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласы қызметкерлерінің этикасы, заң талаптарын сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаларын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Жастарға үлгі болу, адал еңбек ету және қоғамда сенім қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.