22 сәуір – ата-аналар жиналысы өтті

22 сәуір – ата-аналар жиналысы өтті

22 сәуір күні К. Қазыбаев атындағы орта мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында мектеп директоры Н. Кутбаева сөз сөйлеп, оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызды мәселелерге тоқталып, ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Абишева оқушылардың тәрбиесі, қауіпсіздігі және тәртіп мәселелері бойынша мазмұнды баяндама жасады.

Жиынға арнайы қатысқан ауыл әкімі Омарова Айнагүл Есболатқызы да сөз алып, жас ұрпақтың болашағы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін атап өтіп, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығына қолдау білдірді.

Жиналыс өзара пікір алмасу және ұсыныс білдіру алаңына айналып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Бірлесе жұмыс атқарған жағдайда ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады.