
15 сәуір күні Бақалы ауылдық мәдениет үйінде «Заң және тәртіп – қоғам негізі» тақырыбында түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шараға Бақалы ауылдық округі әкімі аппаратының өкілдері және учаскелік полиция инспекторы қатысты.
Кездесу барысында құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындарға заң талаптарын сақтау маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті түсіндірмелер алды.
Осындай кездесулер қоғамда заңдылық пен тәртіпті нығайтуға және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.