Ауыл имамына құрмет көрсету және алғыс білдіру шарасы

Ауыл имамына құрмет көрсету және алғыс білдіру шарасы

Ауылымыздың құрметті имамы Кәкім Ержанның қызмет бабымен басқа өңірге ауысуына байланысты арнайы жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында көпшілікке рухани тәлім-тәрбие беріп, ауылымыздың бірлігі мен берекесінің нығаюына үлес қосқан еңбегі үшін ауыл әкімі тарапынан алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ, ауыл қауымдастығының төрағасы қазақтың игі дәстүріне сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Жерлесімізге алдағы қызмет жолында табыс, отбасына амандық тілейміз! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!