
19 наурыз – Жаңару күні
«Таза Қазақстан – Таза бейсенбі» акциясы аясында
Қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Бақалы ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жүргізілді.
🚜 Акция барысында: 🔹 4 бірлік техника жұмылдырылды
🔹 20 адам қатысты
🔹 3 тонна қоқыс шығарылды
📍 Тазалық жұмыстары барысында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен жол жиектері тазартылды.
Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Осындай игі іске белсене атсалысқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз!
🌱 Таза Қазақстан – таза болашақ!