
Бақалы ауылдық округінде «Мектептегі қауіпсіздік және заң бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқықтық сауалнама өткізілді.
Бақалы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен және қолдауымен мектеп оқушылары арасында құқықтық сауалнама жүргізілді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында 7–9 сынып оқушылары арасында мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында сауалнама ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың пікірін тыңдау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру.
Оқушылардың әрбір пікірі – тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға қосылған маңызды үлес.
Қауіпсіз мектеп – жарқын болашақтың кепілі.