
Амангелді ауылдық округінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуын болдырмау, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде кешкі рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында қоғамдық орындарға бақылау жасалып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, азаматтар көп шоғырланатын орындар тексеріліп, тиісті профилактикалық шаралар қабылдануда.
Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жағдай тұрақты бақылауда, тиісті іс-шаралар белгіленген тәртіпке сәйкес жалғастырылуда.