Ораза айт құтты болсын!

Ораза айт құтты болсын!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де қастерлі мереке – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – мейірім мен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің мерекесі. Бұл күндері әрбір шаңыраққа қуаныш пен береке орнап, жүректерге ізгілік нұры ұялайды. Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым тыныштық пен бірлік орнап, әрбір шаңырақ шаттыққа толы болсын!
Ораза айт құтты болсын!