
Аманбөктер ауылдық округінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу» рейдтік жұмыстары өткізілді
Аманбөктер ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылары және ауылдық учаскелік инспекторы қатысты.
Мақсаты: кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүруін болдырмау.
Рейд барысында тұрғындар мен жастарға құқықтық тәртіптің маңызы түсіндіріліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары пысықталды.