«Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу

«Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу

Алмалы ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді насихаттау және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу өтті.
Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары мен дәстүрлі мәдениеті таныстырылып, үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен өнегесі жас ұрпаққа үлгі етілді. Қолөнер бұйымдарының ерекшеліктері туралы әңгімелер айтылып, ұлттық мұраны сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесуге аға буын өкілдері, жастар мен балалар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында үлкенді құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, анадан қызға, әжеден немереге жалғасатын ұлттық өнерді дәріптеу бағытында тәрбиелік мәні зор әңгімелер өрбіді.
Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өскелең ұрпақтың елжандылық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.