Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде «Этносаралық қатынастар саласындағы өзара түсіністік – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында қоғамдық жұмысшылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ этносаралық татулықтың маңызын кеңінен насихаттау болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар этносаралық келісімнің қоғамдық тұрақтылық пен ел дамуының маңызды факторы екендігін атап өтіп, қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, әртүрлі этнос өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, өзара құрмет пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара соңында қатысушылар қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауда әр азаматтың жауапкершілігі зор екенін атап өтіп, ел бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттігін жеткізді.