
Алмалы ауылдық округінде "Желтоқсан -тәуелсіздіктің бастауы" атты Алмалы орта мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтардың ерлігін үлгі ету, оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру және ұлттық рухты қалыптастыру.
