
Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұжымы Қайырымдылық күніне орай іс-шара ұйымдастырды.
Қайырымдылық күні – мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін маңызды күн. Бұл күні қоғамда өзара көмек пен жанашырлықтың маңызы арта түседі. Қайырымдылық жасау – бірлік пен ынтымақтың айқын көрінісі. Әрбір игі іс адамдарға үміт сыйлап, қоғамның дамуына үлес қосады.