«Алмалы» қоғамдық орталығында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. 🌸

«Алмалы» қоғамдық орталығында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. 🌸

Алмалы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өткізілді. 🌸

Мерекелік кештің басында ауылымыздың дамуына өз үлесін қосып жүрген кәсіпкер әйелдерге алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі ерекше аталып өтті. Бұл – ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына үлес қосып жүрген іскер әйелдерге көрсетілген құрмет болды.

Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешке жиналған аналар мен қыз-келіншектерге жылы лебіздер айтылып, мерекелік құттықтаулар жолданды.

Мерекелік кеш барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Барша әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐