Алмалы ауылдық кітапханасының кітап қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылуына орай, кітапханада «Балақай, кітаппен дос бол!» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және бос уақыттарын тиімді өткізуге бағыт-бағдар беру.

Шара барысында кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жасалып, балалар әдебиетінің маңызы түсіндірілді. Қатысушылар назарына ертегілер, танымдық әдебиеттер, көркем шығармалар мен энциклопедиялық басылымдар ұсынылды. Кітапханашы оқушыларға кітапты күтіп ұстау, оны дұрыс таңдау және жүйелі оқу мәдениеті туралы ақпарат берді.

Іс-шара барысында балалар жаңа кітаптармен танысып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітап оқу арқылы білім көкжиегін кеңейту, ой-өрісті дамыту және рухани байлыққа қол жеткізу жолдары айтылды.

Аталған ақпараттық сағат жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.