Ауыл тұрғындарына жер беру тәртібі туралы хабарландыру.

Ауыл тұрғындарына жер беру тәртібі туралы  хабарландыру.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарға төрт түрлі санат бойынша тегін жер учаскелері жаппай беріледі деген ақпараттар таралуда.

Осыған байланысты Алмалы ауылдық округі әкімдігі төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасында жер учаскелерін беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабында көзделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Заң талаптарына сәйкес:
• жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан азаматтарына тек кезек тәртібімен беріледі;
• жер беру бос жер қорының және инженерлік инфрақұрылымның болуына байланысты жүргізіледі;
• азаматтарға жер бірнеше санатпен қатар немесе автоматты түрде берілмейді;
• өтініш беру, кезекке тұру және заңда белгіленген рәсімдерді сақтау міндетті.

Осыған орай, әлеуметтік желілерде тараған «төрт санат бойынша тегін жер беріледі» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

Тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз. Жер алу мәселелері бойынша толық ақпаратты жергілікті атқарушы органнан немесе электрондық үкімет порталынан алуға болады.