
Алмалы ауылдық округінің кітапханасында 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауған соғысының жауынгерлері – бейбіт күннің батырлары» атты фотокөрме көрсетілді. Ауған соғыс ардагерлер ұйымының негізін қалаушы, Ауған соғысының ардагері, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Токжигитов Ерболсын Тоқтасынұлы келіп тамашалады. Көрмеге Сарқан ауданының Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің жәнеде өмірден өткен жауынгерлердің фотосуреттері қойылып, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбектері айтылды. Шараға мәдениет саласының қызметкерлері және жас оқырмандар қатысып, келген қонақпен пікір алмасты.