Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай Мұқан Төлебаев атындағы VІ Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауы
2023 жылдың 27–28 сәуір күндері аралығында Талдықорған қаласы Б.Римова атындағы Жетісу облыстық Талдықорған драма театрында Жетісу топырағынан алғаш шыққан кәсіби классик композитор, қоғам қайраткері, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай Мұқан Төлебаев атындағы VІ Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өткізілді.Байқауға Өзбекстан Республикасынан және Астана, Алматы, Атырау, Павлодар қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан үміткерлер қатысты.
Байқаудың басты мақсаты: Дирижерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық тәжірибе алмасу, аталмыш салада жаңа есімдерді анықтау, қазақ музыкасын жаңа шығармалармен толықтыру, қазақ халқының ән, күй туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру.
Ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында әншілік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу. Композитордың халқымыздың асыл қазынасына айналған әндерін жаңғыртып, жастар арасында насихаттау, өнер сүйер қауымға кеңінен таныстыру.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен, дипломдармен марапатталған өнерпаздар;
«АЛТЫН ТАЯҚША» ДИРИЖЕРЛЕР байқауының қорытындысы бойынша;
Ынталандыру жүлдесі
ІІІ орын
ІІ орын
І орын
Бас жүлде
1.Есбергенов Медет - Жетісу облысы
«КЕСТЕЛІ ОРАМАЛ» ВОКАЛИСТЕР байқауының қорытындысы
Ынталандыру жүлдесі
1.Тоқтаған Аружан – Алматы қаласы
ІІІ орын
ІІ орын
І орын
Бас жүлде
«ҮЗДІК КОНЦЕРТМЕЙСТЕР»
Шоткалиева Роза - Астана қаласы