Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті тарапынан «Онлайн бюджеттік мониторинг» (бұдан әрі - ОБМ) модулі арқылы Жетісу облысының спорт саласындағы жалақыны төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында мониторинг жүргізіле басталды.
Қазіргі мерзімде, тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы онлайн бюджеттік мониторинг төрт тәуекел профильдері бойынша жүргізіледі:
1 - жеке тұлғаның карта-шот бойынша деректердің сәйкес келмеуі;
2 - 800 мың тенгеден астам қаражатты аудару тәуекелі (бірнеше төлеммен);
3 – жеке тұлғаның мемлекеттік деректер базасында ФИО сәйкес келмеуі;
4 - 800 мың тенгеден астам қаражатты аудару тәуекелі (бір төлеммен);