
БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Бүгін Сарқан ауданында бокстан 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. Турнир бокс спортын дамытып, көптеген жастарды осы спорт түріне баулыған жаттықтырушы-оқытушы Жұмагелді Есболатұлының құрметіне арналды.
Дүбірлі додаға Жетісу облысының 8 аудан және 2 қаласынан 100-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Жарысты ұйымдастырудағы мақсат өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ішімдік пен нашақорлыққа қарсы баулу, ұлтымыздың арқа сүйер нағыз патриоттарын тәрбиелеу.