ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде дзюдодан 2010-2011, 2012-2013 жылғы кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Жетісу облысының ашық турнирі басталды.

Аталмыш жарысқа әр аудан және қаладан іріктелген 100-ге жуық жас дзюдошы қатысуда.

Шараның басты мақсаты - болашақ чемпиондарды даярлап, облыс намысын абыроймен қорғайтын команда жасақтау.

Айта кетсек, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медаль, грамотамен марапатталады.