Сарқан ауданында «Былғары доп - 2024» футболдан жазғы аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. 2012-2017 жылдары туылған мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға мақсат етілген фестиваль Жетісу облысының бірқатар аудандарында ұйымдастырылуда. Фестивалдің ашылу салтанатына Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы және Жетісу облысының футбол федерациясының президенті Ерік Қойшыбайұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа Сарқан, Ақсу, аудандарының командасынан 200-ден астам жас футболшылар қатысты. Айта кетсек, келесі ойын 2 шілде күні Көксу ауданында өтеді.