Көксу ауданы, Балпық би ауылында өткен грек-рим күресінен жасөспірімдер, жастар арасында Жетісу облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Көксу ауданы, Балпық би ауылында өткен грек-рим күресінен жасөспірімдер, жастар арасында Жетісу облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан, Ескелді, Көксу аудандары және Талдықорған қаласынан 160-қа жуық балуандар қатысты. Олардың бәрі де өз өңірлерінде өткен іріктеу жарыстарының жеңімпаздары.
Үш күнге созылған жарыс өте тартысты өтті. Өйткені, осы жарыста топжарғандар республикалық сында облыс намысын қорғайтын болады. Әрі ірі жарыстарда кез-келген спортшы шыңдалып, тәжірибе жинайтындығы белгілі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық дене-шынықтыру және спорт басқармасы дайындаған медальдар мен арнайы жүлделерге ие болды.