1 қыркүйек - Білім күніне орай Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Талдықорған қаласындағы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» өз білімгерлеріне арнап алғашқы қоңырау соғып салтанатты түрде жиын ұйымдастырды.
Бұл жиынға арнайы басқарма басшысы Алмат Үшкемпіров қатысып, өз сөзінде ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Алмат Тоқтарбекұлы жаңадан ашылған таеквондо бөлімінің лентасын қиып, чемпиондар шығуына тілектестігін білдірді. Таеквондошылар өз кезегінде өнерлерін көрсетті. Айта кетейік, биыл мектеп-интернат-колледжінің 7 сыныбына 11 спорт түрі бойынша 95 бала оқуға қабылданды.
Бұған қоса, дәл осындай салтанатты жиынды «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернаты» да өткізді. Іс-шараның салтанатты ашылуына Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері, спорттық резервтер және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Саят Сарқытов қатысып, мектеп-интернат ұжымына және оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Лепсі ауылындағы мектеп-интернатына ағымдағы жылы 7 сыныпқа 5 спорт түрі бойынша 36 бала, 8 сыныпқа 11 бала, 9 сыныпқа 8 бала, 10 сыныпқа 3 бала оқуға қабылданды.