
Жиынның басты мақсаты - спорт саласындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру және облыс көлемінде іске асыру жолдарын талқылау.
Қаралатын негізгі мәселелер⬇️
Жаңа жіктелім: Спорт түрлерінің басым спорт, жоғары жетістіктер спорты және бұқаралық спорт болып қайта бөлінуі. Бұл мемлекеттік қаржыландыру мен спортшыларды даярлау жүйесін өзгертті.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру: Спорт мектептеріне осы тетікті енгізу арқылы бюджеттің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.