2026 жылғы 25 ақпанда облыстың балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметкерлері үшін спорт саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, спорттық разрядтарды (спорт шеберлігіне кандидат, І разряд және басқа да санаттар) беру, құжаттарды рәсімдеу және қарау тәртібі, белгіленген мерзімдерді сақтау, сондай-ақ рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында келесі бағыттарға ерекше назар аударылды:
•қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
•құжаттар топтамасын дұрыс қалыптастыру;
•мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңбұзушылықтарға жол бермеу;
•спорт ұйымдарының жауапты тұлғаларының жауапкершілігін арттыру.
Қатысушыларға жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, тексерулер барысында анықталатын жиі кездесетін қателіктер түсіндірілді және олардың алдын алу жолдары ұсынылды.
Мұндай түсіндіру шараларын өткізу спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ облыстың барлық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде оларды көрсету бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.