«Жат ағымдардың жастар психологиясына әсері»

«Жат ағымдардың жастар психологиясына әсері»

Бүгін, 2026 жылғы 12 ақпан күні  «Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында жоспарға сәйкес спорт мекемелерінің қызметкерлері, спортшылары, жаттықтырушылары және спорт мектептерінің тәрбиеленушілерінің «Жат ағымдардың жастар психологиясына әсері» тақырыбында теолог, психолог Мутебаев Қанат Маратұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында теолог қазіргі заманғы діни экстремизмнің өзекті мәселелері, деструктивті ағымдар өкілдерінің әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде қалай таратылатыны туралы айтып берді. Іс-шара барысында отбасылық құндылықтар, дәстүрлер , үлкендерді құрметтеу мәселелері қозғалды. Қатысушылар пікір алмасуға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.