
Бүгін Талдықорған қаласында облыс әкімінің орынбасары Д.Р. Есдәулетовтың төрағалығымен спорт саласында сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері арнайы шақырылды. Сонымен қатар, жиынға аудандық, қалалық спорт мекемелерінің басшылары мен есепшілерінің қатысты. Жиын барысында өзекті мәселелер қарастырылып, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен спорт мекемелерінің басшыларына тапсырмалар берілді.