⚽️Қазақстан футбол федерациясы ел аумағындағы тасада қалған футбол таланттарын анықтап, кәсіби деңгейге шығару мақсатында қолға алған жаңа «Халық лига» жобасы ресми түрде басталды.
⚽️Аталған бастама аясында 2025 жылдың 9-10 тамыз күндері Талдықорған қаласында әуесқой командалар арасында алғашқы тур ойындары өтті.
⚽️Айта кетсек, жоба шеңберінде еліміздің барлық 20 өңірінен 268 команда тіркеліп, жалпы саны 5 мыңға жуық ойыншыны қамтыды. Жарыс барысында 1 500-ден астам матч өткізу жоспарланған.
🇰🇿«Халық лига» – талантты футболшыларды кәсіби деңгейге шығаратын бірегей алаң. Бұл жоба арқылы еліміздің әр аймағынан үздік ойыншылар іріктеліп, болашақта Қазақстан чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, УЕФА-ның Әуесқойлар лигасына жолдама алу да негізгі мақсаттардың бірі.
🏆Жобаның финалдық кезеңі 2025 жылдың қазан айында Талдықорған қаласында өтеді.