Осы күндері Ескелді ауданының Екпінді ауылында параплан спортынан жазғы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Дүбірлі дода елдегі парапланмен ұшу спортын кеңінен насихаттауға және тәжірибелі спортшылар арасында шеберлікті арттыруға бағытталған маңызды бәсеке бола білді.
Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 30-ға жуық спортшы қатысты. Аталған сайыста Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде Альбина Виршки алтын тұғырға табан тіресе, Аяна Асқар күміс жүлдегер атанды.
Жетісулық спортшылардың бұл жетістігі облыстағы параплан спортына деген қызығушылық пен дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсете білді. Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және арнайы дипломдармен марапатталды.