ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА МАУНТИНБАЙКТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА МАУНТИНБАЙКТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Осы күндері Талдықорған қаласының «Қызыл тас» саябағында 2009 - 2010 және2011-2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында маунтинбайк велосипед спортынан «Жетісу шұғыласы» атты республикалық жарыс өтті. Аталған додаға Жетісуоблысының әр өңірінен және Алматы облысынан барлығы 60-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс  тауға жекелей көтерілу, кросс-кантри элиминатор және кросс-кантри олимпиксынды бағыттар бойынша өтті.

Сондай-ақ, бұл додада ерекше көзге түскен бірнеше велошабандоз жоғары шеберліктанытып, үш түрлі бағдарламада да топ жарып, тұрақты нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Садырбай Мәди 2009 - 2010 жылы туған ұлдар арасында барлық үш бағдарламада алтын жүлдегер атанды. Сол сияқты, Китайгора Карина 2009 - 2010 жылғы қыздар арасындабарлық үш бағытта бірінші орынды жеңіп алып, жарыстың үздік велошабандоздарыныңбірі екенін көрсетті. Ал Тарасова Арина 2011 - 2012 жылы туған қыздар арасында үшбағдарламада жарыс жеңімпазы атанды.  Маулет Санжар, Евсеев Глеб, Юрайтис Янис, Шмакова Яна және басқа да жас спортшылар жарыстың әр санатында жоғары нәтижелеркөрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.