Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтуде

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтуде

 

27-30 мамыр күндері Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық деңгейдегі III Спартакиада өтуде. Бұл – тек спорттық сайыс қана емес, салауатты өмірсалтын ұстанатын, жігері мықты, рухы биік азаматтардың басын қосқаннағыз мереке.

Жарыс бағдарламасына шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, үстелтеннисі, жүзу, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тарту, 3х3 баскетбол жәнебильярд секілді спорт түрлері енген. Әр қатысушыөз саласыныңмайталманы: ауыл әкімдерінен бастап, басқарма басшыларына, сарапшылармен баспасөз хатшыларынан бастап облыс әкімінің орынбасарларына дейін. Тіпті құқық қорғау органдарының өкілдері де өз бақтарын сынауда.

Бұл Спартакиаданың басты мақсатымемлекеттік қызметшілер арасындаспортты кеңінен насихаттап, белсенді әрі салауатты өмір салтының үлгісінкөрсету. Спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдықпен жауапкершілікке баулитын, ұжымдық рухты күшейтетін маңызды құрал.

Ауқымды шараны Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысыбойынша департаменті бірлесіп ұйымдастырып отыр.